ҚР ПІБ Медициналық орталығының, халықаралық және қазақстандық неврология қауымдастықтарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің маңызды тақырыбы ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің жаһандық жоспары аясында эпилепсия мен басқа да неврологиялық ауруларды емдеу мен диагностикалау мәселелері болды.
Жиынға ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, сондай-ақ Дүниежүзілік неврология федерациясының (WFN) президенті Вольфганг Гризольд, эпилепсиямен күрес жөніндегі халықаралық лиганың (ILAE) вице-президенті Алла Гехт қатысты.
Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой денсаулық сақтаудың осы бағытында қажетті кадрларды даярлаудың тиімді жүйесі, материалдық-техникалық базаны нығайту және зерттеуге арналған қаржыландыруды арттырудың қажетілігін атап өтті. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Медициналық орталығы ауруханасында неврология ауруларын үздік әлемдік технологиялармен емдейтін Эпилептология орталығы жұмыс істейтінін айтты.
Мүгедектік себептерінің бірі неврология аурулары мен оның асқынулары болғандықтан, ол туралы мәлеметтерді арттыру қауымдастықтың басты мақсаты болып табылады.