ҚР ПІБ Медициналық орталығында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, ҚР ПІБ Медициналық орталығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келесі марапаттарын Медициналық орталықтың және ведомстволық қарасты ұйымдардың 14 қызметкеріне табыс етті:
• ҚР ПІБ құрмет грамоталары;
• ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгілері;
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдары;
• «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері.
Алексей Цой ерекше көзге түскен әріптестерді денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және мамандыққа деген адалдығы үшін алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, жиынға жиналған әріптестерді Республика күнімен құттықтады. Бұл айтулы күн – көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының символы, егемендік пен тұрақтылықтың мерекесі деді Медициналық орталығының басшысы.
Марапатталған барша әріптестерді құттықтаймыз! Керемет көңіл-күй, отбасылық бақыт, амандық, зор денсаулық және табыс тілейміз!