ҚР ПІБ МО ауруханасында 2011 жылдан бастап Аллергология орталығы жұмыс істейді. Мұнда аллергия тудыратын түрлі ауруларға кәсіби ем қабылдауға болады. Бүгінгі күнге дейін 50 мыңға жуық адам орталық қызметіне жүгінген.
Аллергияның көрсеткіші мен түрі әркелкі болып келеді. Олар маусымдық, түшкіру, бөртпе немесе адам өміріне қауіп төндіретін ауыр жағдайларға дейін ұшырасады. Медициналық орталық ауруханасының Аллергология орталығы аллергиядан туындаған барлық ауру мен жағдайды анықтап, оны емдеудің қызметтерін ұсынады.
Атап айтар болсақ, орталық аллергиялық ауруларды кешенді тексереді және емдейді (тыныс демікпесі, аллергиялық ринит және конъюнктивит, атопиялық дерматит, есекжем және т.б.), түсініксіз диагнозы бар науқастарға кеңес береді, аллергиялық аурулардан зардап шегетін пациенттерді (дәрі-дәрмекке төзбеушілік) хирургиялық операциялар мен анафилаксия қаупі жоғары пациенттерді инвазивті процедураларға дайындайды және қан анализі бойынша аллергияның кеңейтілген диагностикасын жасайды.
Аллергияның түрлерін тиімді диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін орталықта ең заманауи әдістер қолданылады. ҚР ПІБ МО ауруханасының Аллергология орталығы тіркелген пациенттермен қатар, ақылы түрде науқастарды қабылдайды.
Call Center: +7 (7172) 70 80 90, +7 702 006 56 56