26 қазанда фармацевтика мәселелері бойынша халықаралық сарапшыларды, ғалымдар мен практик дәрігерлерді, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлерді жинаған «GLOBAL PHARM» III Халықаралық фармацевтикалық форумы өз жұмысын бастады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Қазақстанда көп деңгейлі мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы жылдары фармацевтика саласын жедел жаңғырту жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, денсаулық пен өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін фармацевтердің жұмысы, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу маңызды факторлары екенін айтты.
Бұл іс-шараға Roche, Pfizer, Janssen, Takeda, Bayer, BIOCAD, СК-Фармация, Santo және басқа да жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.