Басты бетII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Бүгін «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова өзінің құттықтау сөзінде білім беру саясатының маңызды міндеттерінің бірі заманауи және жоғары сапалы мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету деді. Елдің қарқынды дамуы жағдайында білім берудің ажырамас бөлігіне айналған жаңа буынның оқу материалдарын дайындаудың инновациялық әдістерін енгізу, олардың функциялары мен білім беру практикасында қолданылатын әдістерін қайта қарау қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ бұл конференцияда инклюзивті білім беру мәселелері, балаларды ерте дамыту және мектепке дейінгі білім беру саласында озық тәжірибелер туралы сөз болды.

Конференцияда таяу және шет елдердің, отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші сарапшылары мен педагог-практиктері бас қосып, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуге қатысты өз көзқарастарымен бөліскен пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасына қатысушылар конференция қорытындысы бойынша тақырыптың маңыздылығын және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ғылыми ынтымақтастыққа және осындай кездесулерді жалғастыруға ниеттерін білдірді.