Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі

ҚР ПІБ МО ауруханасының анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің қызметіне жоспарлы операция алдында анестезиолог дәрігер мен медбикенің науқастарға анестезия салуы, операция кезінде науқастың жағдайын бақылауда ұстауы және операциядан кейін жағдайына қарай науқасты ояту, ауыр жағдайдағы науқастарға қарқынды ем қолданып, күтім жасау, жағдайы тұрақталған соң бөлімшесіне ауыстыру міндеттері кіреді. Бөлімшеде бүгінде 30 білікті анестезиолог-реаниматолог дәрігері және 50-ден аса медбике мен меджігіт жұмыс істейді.

Азаматтар арасында кең тараған «анетезиядан кейін оянбай қалуы мүмкін бе?» деген сауалдың жауабын анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Бабашев айтып берді.

- «Қазіргі медицинаның дамыған заманында анестезиядан кейін науқастың оянбай қалуы мүмкін емес. Себебі бүгінде ауруханаларда анестезияның мөлшерін есептеп, тепе-теңдігін сақтап, әрі қарай күші азайғанын мүлтіксіз бақылап отыратын заманауи жабдықтар қолданылады. Бұрындары мұндай жабдықтарсыз анестезияның дозасы мөлшерінен асып кету қаупі болғандықтан, оянбай қалу қорқынышы да қатар жүретін. Қазір бәрі басқаша. Науқасқа қолданылатын анестезиялық дәрілердің күші кемінде 20-30 минуттан соң тарқап, азғадан шығып кететіндіктен, бүгінгі таңда анестезия денсаулыққа зиянды деп есептелмейді».