Басты бетАңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Маңғыстау Облысындағы күндері

2023 жылғы 6-10 қарашада Маңғыстау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді. Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медициналық мекемелерге енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.

JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медициналық орталық ауруханаларының білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, травматолог, уролог және тағы да басқалар аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік кластарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасайды.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында

  • 6 қарашада Сәкен Молдағалиев - жоғары санатты ортопед-травматолог дәрігері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін консультация өткізеді;
  • 7 қарашада сол ауруханада Мыңжылқы Бердіқожаев - жоғары санатты нейрохирург дәрігері сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін пациенттерді қабылдайды;
  • 8 қарашада сағат 09:00-ден 12:00 аралығында Шарафуддин Азизов - жоғары санатты уролог дәрігері консультация жүргізеді.

 

Сонымен қатар, Медициналық орталықтың басқа ведомствалық қарасты ұйымдары – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қызметкерлері де өз бағыттары бойынша оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған дейін Медициналық орталықтың делегациясы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласында болып қайтты.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06