«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында Медициналық орталықтың жоғары білікті дәрігерлері іссапармен Маңғыстау облысына барды. Делегация құрамына ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының, Орталық клиникалық аурухананың үздік мамандары (нейрохирург, травматолог, уролог және тағы да басқалар) кіреді.
Іссапардың алғашқы күні Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында ОКА жоғары санатты ортопед-травматолог дәрігері Сәкен Молдағалиев 10-нан астам науқасты қабылдады, ОКА ревматолог дәрігері Меруерт Сәрсембаева 10 пациентке консультация беріп, дәріс оқыды. Сондай-ақ, Медициналық орталық ауруханасының эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев 2 күрделі операция жасап, дәріс оқыды. Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері мен Облыстық перинаталдық орталық базасында Гүлшара Әбілдинова - Медорталық ауруханасының дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы дәрігерлерге генетикалық зерттеулер және диагностиканың заманауи әдістері туралы дәрістер оқылды.
Сондай-ақ, 7 қарашада сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының базасында жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев пациенттерді қабылдайтын болады.