ҚР ПІБ Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Маңғыстау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында екі күн бойы нейрохирургия, травмотология және басқа салаларда тегін консультациялар, презентациялар мен шеберлік сабақтар өткізді. Атап айтқанда, 40 консультация, 4 күрделі операция жасалды.
Өткен кездесулерде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері ұсынылды. Кейбір көрсетілген тәсілдер бұл аймақта бұған дейін қолданылмаған еді.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» Маңғыстау облысында медициналық көмек көрсетіп, өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытады.