Басты бетBGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу

BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу

BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен кездесу

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой BGI Group вице-президенті Нинг Ли мырзамен кездесті. Медициналық орталығы мен BGI Genomics (ҚХР) компаниясының өкілдері бұрын қол қойылған Ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандум шеңберінде Геномдық зерттеулер институтын құру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Елімізде аталған институт ҚР ПІБ Медорталық ауруханасы мен Астана Медицина Университетінің базасында жұмыс істейтін болады.

Жиынға Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, BGI Global Development вице-президенті Тао Сюн және Астана Медицина Университетінің ректоры Камалжан Надыров қатысты.

Медициналық орталығының басшысы дербестендірілген медицина және геномдық зерттеулер институтын құру жөніндегі бірлескен жоба және молекулалық генетика бағытында жүргізілетін зерттеулер отандық медициналық генетика саласын дамытатыны туралы атап айтты.

Бүгінгі таңда ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жоғары технологиялық зерттеулерді жүргізетін білікті мамандар жұмыс істейді, сондай-ақ медициналық генетика саласында тексеру мен кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізген әдістемелік база болып табылады.

BGI Genomics - генетикалық, ДНҚ талдауларын және басқа да геномдық зерттеу технологияларын жүргізетін компания. Сондай-ақ, ұйым түрлі ғылыми және медициналық жобаларға белсенді қатысады.