Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары өз қызметін Маңғыстау облысының мамандарына таныстырды. Іс-шараларда 15-тен астам презентация көрсетіліп, 320-ға жуық адам қатысты.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары өз қызметі мен корпоративтік білім беру бағдарламаларындағы соңғы үрдістер туралы Маңғыстау облысының әкімшілік-басқару персоналына айтып берді.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы «МСАК деңгейінде иммундауды ұйымдастыру» және «Стационарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын енгізу бойынша қолдау» тақырыптарында кластарын өткізді.
Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығының базасында «Оқжетпес» ЕСК» АҚ біріккен санаторийлер қызметі өкілдері санаторийлер желісінде емдеуді ұйымдастырудың қызметтері мен шарттары туралы таныстыру презентациясын өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, Медициналық орталықтың жетекші мамандары (нейрохирург, травмотолог, уролог және басқалар) облыс тұрғындары үшін консультациялар және операциялар жүргізді.