Басты бетPfizer компаниясымен кездесу

Pfizer компаниясымен кездесу

Pfizer компаниясымен кездесу Pfizer компаниясымен кездесу Pfizer компаниясымен кездесу Pfizer компаниясымен кездесу Pfizer компаниясымен кездесу

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Pfizer компаниясының өңірлік президенті Патрик Вандер Луу мырзамен кездесті. Жиын барысында Медициналық орталығының ауруханасында NGS әдісін пайдалана отырып, сүт безі обыры кезінде BRCA мутациясының молекулалық диагностикасын енгізу, Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығының базасында жүрек ауруларының зерттеулерін енгізу, сондай-ақ стратегиялық әріптестік мүмкіндігін қарастыру мәселелері қозғалды.

Кездесуге Медициналық орталығы басшысының орынбасары - Людмила Бюрабекова, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры - Рустам Албаев, Pfizer компаниясының өңірлік өкілдері Өзгүр Язиюрт және Лина Азиз қатысты.

Алексей Цой ПІБ Медициналық орталығының көпсалалы клиникалары пациенттерді диагностикалау мен емдеуде мультидисциплинарлық тәсілдерді қолданып, инновациялық жобалар мен технологияларды үнемі енгізіп отыратыны туралы атап айтты. Сондай-ақ, бұл кездесу ұйымдар арасындағы ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастық орнатуға бастау болатынына сенім білдірді.

2018 жылы Медорталық ауруханасында дербестендірілген геномдық диагностика зертханасы ашылды. Геномдық зертхана озық технологияны қолдана отырып, ДНҚ деңгейіндегі ауруларды талдаумен айналысады. Зертхана ашылғаннан бері заманауи жоғары технологиялық жабдықтарында 1000-нан астам тексеру жүргізілді.

Pfizer – әлемдегі ең ірі американдық фармацевтикалық компания. Ұйым әртүрлі медициналық дәрі-дәрмектер мен вакциналарды дайындап, өндіреді. Сондай-ақ, әр түрлі мемлекеттерде ғылыми-зерттеу жобаларын белсенді түрде жүргізеді.