Бүгін Президенттік орталықта ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ұйымдастырған «HR және цифрлық технологиялар гармониясы: сәтті командаларға арналған инновациялар» конференциясы өтуде.
Конференцияның ашылуында ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл және басқа да қатысушылар сөз сөйледі.
Медициналық орталықтың басшысы қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологиялар қоғам өмірінің түрлі аспектілеріне әсер ететінін атап өтті.
Цифрлық инновациялар кадрларды іріктеуден бастап, көшбасшыларды дамыту мен дарындарды даярлауға дейін персоналды басқарудың барлық салаларын қамтиды. Сондай-ақ, бұл іс-шара болашақта сұранысқа ие дағдылар мен құзыреттерді анықтауға мүмкіндік беретінін де айтты.
Бұл ауқымды іс-шараға ірі компаниялардың топ-менеджерлері, HR және IT бөлімдерінің жетекшілері, сондай-ақ бизнес-тренерлер мен тәуелсіз сарапшылар қатысуда.
Кездесуде медициналық бағыттарға назар аудара отырып, инновациялық тәсілдер мен әдістемелер, рекрутингтегі digital құралдар, HR тиімділігін арттыру, дағдарысты басқару стратегиялары, цифрлық ортаға бейімделу, KPI, цифрлық процестердегі этика мен нормативтер және басқа да көптеген мәселелер талқылануда.