ҚР Президенті Іс басқармасының 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Жиын барысында ПІБ Медициналық орталығы жетекшілік ететін салалары бойынша қорытындылар мен басым бағыттары талқыланды.
Алқа отырысына ҚР Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев, ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, Медициналық орталығы басшысының орынбасарлары, ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой жетекшілік ететін бағыттар бойынша басымдықтары туралы айтып, 2023 жылғы 9 айда Медициналық орталығы дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру қорытындысын шығарды.
Есепті кезеңде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
- Медициналық орталығы ауруханасында бес жаңа клиникалық орталық және Орталық клиникалық ауруханада екі орталық ашылды;
- Медорталығы ауруханасының Циклотронды-өндірістік кешенінде 3 радиофармпрепарат өндірісі іске қосылды;
- Медициналық туризмді дамыту шеңберінде «Оқжетпес» ЕСК өкілдігінің базасында «Бірыңғай оператор құрылды»;
- ҚР Президентінің Қытайға ресми сапары кезінде BGI Genomics (ҚХР) компаниясы, ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мен Астана медицина университеті арасында Ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды;
- Медициналық орталығының өңірлерде өткен күндері аясында 164 операция, 1170-ке жуық консультация, 5200 тыңдаушының қатысуымен 138 презентация және шеберлік сабақ өткізілді;
- Албания Президенті Байрам Бегай мырзаның Қазақстанға ресми сапары барысында ПІБ Медициналық орталығы ауруханасына барды.
Сонымен қатар, Медициналық орталығы жүйесінде басқа да маңызды іс-шаралар өтті.
ҚР Президенті Іс басқарушысы жиында Медициналық орталығы жүйесіндегі барлық көрсетілетін қызметтер халыққа толық қолжетімді болуы қажеттігін, азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсету керектігін атап өтті.