Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Medtronic компаниясының өңірлік вице-президенті Айхан Өзтүрік мырзамен кездесті. Өткен жиында Medtronic компанисы шығаратын медициналық жабдықтарды жеткізу мәселелері талқыланды.
Кездесуге ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасарлары - Людмила Бюрабекова мен Жұмахан Шалкенов, Медициналық орталығы ауруханасы мен Орталық клиникалық ауруханасының басшылары қатысты.
2018 жылдан бастап Медициналық орталығы Medtronic компаниясымен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап айтқан жөн.
Medtronic – әлем бойынша медициналық техника мен жабдықтарды өндіретін американдық жетекші компаниялардың бірі. Компания әртүрлі ауруларды диагностикалау мен емдеуді жақсарту мақсатында инновациялық зерттеулерді қолданып, жаңа технологиялар мен өнімдерді шығарады.