Басты бетLOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу

LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу

LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясымен кездесу

Бүгін 1 желтоқсанда ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой LOWOXYGEN Technology GmbH компаниясының бас директоры Фолькер Шпигель мырзамен кездесті.

Фолькер Шпигель – құрметті докторы, MBA, MSS, LOWOXYGEN Technology технологиясын ойлап шығарушы және Халықаралық алдын алу медицинасы қоғамының мүшесі.

Кездесуге ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары - Людмила Бюрабекова, Медициналық орталығы ауруханасының, Орталық клиникалық аурухананың және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің басшылары қатысты.

Іс-шара барысында Медициналық орталықтың ауруханалары мен санаторийлері базасында Lowoxygen жасанды биік таулы климат құру технологиясын енгізу, сондай-ақ осы бағыттағы болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

2019 жылы зерттеушілер осы әдісті ашқаны үшін медицина бойынша Нобель сыйлығын алған. LOWOXYGEN Technology - қарапайым таза ауаны оттегі мен азот молекулаларына бөлу процесіне негізделген, патенттелген бірегей технология.

LOWOXYGEN Technology профилактикалық терапиясы ең алдымен келесі мақсаттарға бағытталған:

Тыныс алу жүйесі ауруларын төмендету;

Өкпе жұмысын жақсарту;

Иммундық жүйені нығайту;

Ұйқы сапасын жақсарту;

Физикалық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу.

Кездесу соңында шетелдік қонақтарға Медорталық ауруханасына экскурсия ұйымдастырылып, ауруханада ұсынылатын оңалту қызметтері туралы таныстырылым жасалды.