Басты бетStemedica Cell Technologies компаниясымен кездесу

Stemedica Cell Technologies компаниясымен кездесу

Stemedica Cell Technologies компаниясымен кездесу Stemedica Cell Technologies компаниясымен кездесу Stemedica Cell Technologies компаниясымен кездесу Stemedica Cell Technologies компаниясымен кездесу

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Stemedica Cell Technologies компаниясының бас директоры Майкл К. Штайнхаузермен кездесті. Жиын барысында дің жасушаларының терапиясы бойынша медициналық жобалар мен клиникалық зерттеулерді бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесуге ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова, Медициналық орталық ауруханасының директоры  Рустам Албаев, Stemedica Cell Technologies клиникалық даму жөніндегі вице-президенті Данияр Жұманиязов, Biomed Central Asia компаниясының президенті Алмас Кенесары және Biomed Central Asia мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі атқарушы директоры Айгүл Каптагаева қатысты.

Stemedica Cell Technologies - түрлі ауруларды емдейдін дәрілік заттарды әзірлеуге және коммерцияландыруға маманданған озық американдық биофармацевтикалық компания.

Медициналық орталығы мен Stemedica Cell Technologies компаниясының арасындағы алғашқы кездесу емес. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесі бойынша екі тарап жаңа жобаларды іске асыруда және медицина саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізуде ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниет білдірді.