Басты бетЯдролық медицинадағы жетістік: ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төрті...

Ядролық медицинадағы жетістік: ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төртінші радиофармпрепарат шығарылды

Ядролық медицинадағы жетістік: ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төртінші радиофармпрепарат шығарылды Ядролық медицинадағы жетістік: ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төртінші радиофармпрепарат шығарылды Ядролық медицинадағы жетістік: ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төртінші радиофармпрепарат шығарылды Ядролық медицинадағы жетістік: ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төртінші радиофармпрепарат шығарылды

Бүгін, 20 желтоқсанда жаңа радиофармпрепаттар өндірісімен байланысты валидациялық іс-шаралардың барлық кезеңінен кейін Медорталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында төртінші радиофармпрепарат – 18F-DOPA өндіріске енгізілді. Күрделі нейроэндокриндік онкологиялық патологияны диагностикалауға бұл препарат алғаш рет біздің елімізде шығарылып отыр. Қазақстанда бұл диагнозды анықтау патологиясы қиын болғандықтан, әлі күнге дейін оның статистикасы жүргізілмеген.

Орталық қазірдің өзінде алты радиофармацевтикалық препаратты қолданады, оның төртеуі өзі шығарады. Оларға мыналар жатады:

• 18F-FDG: сүт безі ісіктері, колоректальды қатерлі ісіктерді және басқа да онкологиялық ауруларды диагностикалау;

• 18F-NAF: сүйек метастаздары мен сүйек қатерлі ісіктерін диагностикалау;

• 11с-метионин: ми ісіктерін диагностикалау;

• 18F-DOPA: күрделі нейроэндокриндік онкологиялық патологияны диагностикалауға бағытталған.

Бұл препараттар халықаралық диагностикалық стандарттарға сәйкес келетін ПЭТ/КТ зерттеулерінің 20-дан астам түрін жүргізу үшін қолданылады. 2023 жылы Орталық жаңа препараттарды сәтті енгізу мен қолдануды растай отырып, 8000-нан астам ПЭТ/КТ зерттеу жүргізді. Сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін тағы 6 радиофармпрепарат өндірісін енгізу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Бұл медициналық жетістік диагностиканың сапасын жақсартып қана қоймай, азаматтар үшін экономикалық пайда әкеледі. Бастама пациенттер үшін қаржылық ауыртпалықтар мен қиындықтарды азайтады, оларға тікелей ішкі диагностиканың озық тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аурухана базасында 2022 жылы ашылған Ядролық медицина орталығы тиісті өндірістік практиканың (GMP) халықаралық талаптары бойынша жұмыс істейтін және елімізде осы саланың дамуына үлкен серпін беретін бірегей озық орталық болып табылады. Ең бастысы, орталық пациенттерге радиоизотопты диагностикалаудың уақытылы және жоғары мамандандырылған қызметтерін ұсынады.