ҚР ПІБ Медициналық орталықтың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы қаңтар-қараша айларында Медициналық орталық күндері 8 өңірде өтті. Бұл жобаның басты мақсаты - заманауи медициналық технологияларды енгізу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру.
Негізгі жетістіктер:
- Өңірлерде бұрын өткізілмеген бірегей және күрделі жағдайларды қоса алғанда 176 операция жасалды.
- 1500-ге жуық консультация және 175 шеберлік сабақ арқылы практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді, оған 6000-ға жуық дәрігер қатысты.
- Облыс әкімдерімен Ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды.
- Меморандум шеңберінде облыс әкімдіктерімен бірлесіп жол картасы әзірленіп, оның негізінде бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған іс-шаралар іске асырылуда.
- Santo фармацевтикалық компаниясымен медициналық және фармацевтикалық технологиялар саласындағы Ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.
Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Қарлығаш» балабақшасы және Оқжетпес ЕСК-нің өкілдері өз қызметтері мен мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасап, шеберлік сабақтарын өткізді.
Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы серіктестік қатынастарды кеңейту, жаңа технологияларды енгізу және медицина кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында 2024 жылы жоба жұмысын жалғастырады.