Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы GE HealthCare компаниясымен Меморандум жасады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы GE HealthCare компаниясымен Меморандум жасады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы GE HealthCare компаниясымен Меморандум жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы GE HealthCare компаниясымен Меморандум жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы GE HealthCare компаниясымен Меморандум жасады ҚР ПІБ Медициналық орталығы GE HealthCare компаниясымен Меморандум жасады

2024 жылғы 11 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының Стэнфорд қаласында ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Орталық Азия аймағындағы GE HealthCare президенті Дмитрий Занчев мырзамен кездесті. Отырыс барысында медицина саласындағы озық технологияларды дамыту мақсатында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

- «Меморандум цифрлық медицинаның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Екіжақты ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, дәрігерлерді заманауи білім бағдарламаларымен оқытуға, сондай-ақ сәулелік диагностика мен ядролық медицинаны ілгерілетуге бағытталатын болады. Бұл стратегиялық серіктестік денсаулық сақтау сапасын айтарлықтай жақсартып, жоғары технологиялық жабдықтарды енгізуге ықпал ететініне сенімдімін. Медициналық орталығы мен GE HealthCare компаниясын жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту саласында көпжылдық ынтымақтастық байланыстырады», - деді Алексей Цой.

Жиында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, сондай-ақ GE HealthCare компаниясының өкілдері қатысты.

GE HealthCare - дүниежүзіндегі медициналық аппараттар мен диагностикалық фармацевтикалық құрал-жабдықтар шығаратын, сондай-ақ интеграцияланған цифрлық шешімдер мен көрсетілетін қызметтер жүйесін талдайтын ең үздік компаниялардың бірі.