ҚР ПІБ МО ауруханасында Польшаның Варшава қаласынан келген HigoSense компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
ҚР ПІБ Медициналық орталық басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев және аурухананың медицина қызметкерлері қатысқан кездесу барысында елімізде телемедицинаны дамыту мен оның мүмкіндіктері туралы талқыланды.
Сондай-ақ HigoSense компаниясының өкілдері аз уақыттың ішінде қашықтан және сенімді медициналық диагноз қою функцияларын мүлтіксіз атқаратын заманауи өнімдерімен таныстырды. Бұл күнде бұлтты бағдарламалық жасақтама, дәрігер порталы мен мобильді қосымшаларды қамтитын аталмыш ақпараттық құралдар жүйесі Қазақстанда сертификациядан өтуде.
Әлемде пандемиядан кейін телемедицинаның дамуы жаңа биікке көтерілді, оған медицина қызметкерлері мен халық арасындағы шапшаң байланыстың сұранысы себеп. Қазақстанда да бұл сұраныс күннен күнге артып келеді. Науқастың медициналық деректерін жүктеп, талдау нәтижелерін дәрігерге жіберу арқылы қашықтан диагностикалау медициналық шығындарды азайтып қана қоймай, пациенттердің санын көбейтіп, емханалардағы ұзын-сонар кезекті азайтады