ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой «Жылдың үздік дәрігері» номинациясы бойынша «Халықтық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
Ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жүйесінің кәсіби ұжымының еңбегіне жоғары баға бергені үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұл тәуелсіз сыйлықтың Азаматтық қоғамнан ұсынылғаны екі есе құрметті.
Примия 2011 жылы «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорымен құрылды және қазақстандық қоғамдастықтың назарында болған адамдар мен ұйымдарға танымалдығы мен құзыреттілігі үшін беріледі.
Сондай-ақ 9 ақпанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының отырысы өтті. Жиын барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы жетекшілік ететін бағыттар бойынша қорытынды мен басымдықтар талқыланды.
Отырыста ҚР ПІБ Медициналық орталығының ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшылары баяндама жасады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой жетекшілік ететін бағыттар бойынша басымдықтар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы айтып, 2023 жылғы жұмысты қорытындылады. Сондай-ақ, ол инновациялық жобалар мен технологияларды енгізу мен табысты іске асыру көрсетілетін қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қызметтің басты көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
● 2023 жылы 50-ден аса жаңа технологиялар енгізілді, 9 мыңнан аса диагностикалық зерттеулер жүргізілді, медицинаның әртүрлі саласындағы 7 инновациялық технологияны қоса алғанда, 2 мыңнан аса пациент емделді.
● Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде жаңа технологияларды кеңінен енгізу мақсатында медициналық араласудың 3 клиникалық хаттамасы әзірленді және бекітілді.
● 6 инновациялық зертханасы бар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының жаңа ғимараты ашылды.
● 10-нан аса шетелдік клиникамен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды, 24 шеберлік сабағы/семинар ұйымдастырылды, 14 технология сыналды және 25 дәрігер оқытылды.
● Медициналық орталықтың ауруханалары 29 мыңнан аса пациентті стационарлық емдеді, 12 мыңнан аса хирургиялық араласу жүргізілді, оның ішінде 8% жоғары технологиялық хирургиялық қызметтер.
● ҚР облыс орталықтарында «Медициналық орталық күндері» өткізілді, іс-шаралар шеңберінде 8 өңірдің әкімімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, 169 презентация мен семинар өткізілді, 176 операция және 1200-ден аса консультация орындалды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша Медициналық орталығы мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың емдеу-профилактикалық, ғылыми, білім беру қызметін жетілдіру бойынша басым міндеттерді айқынданды.