Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысына қатысты

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысына қатысты ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысына қатысты ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысына қатысты

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, ведомстволық денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, фармацевтикалық компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алқа отырысында 2023 жылғы денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс нәтижелері және 2024 жылға арналған жоспарлар, еліміздің медицина саласының ағымдағы жағдайы мен бәсекеге қабілетті жүйені қалыптастыру мәселелері талқыланды.