Басты бетАңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері

2024 жылғы 26-29 ақпанда Қарағанды облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді. Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медициналық мекемелерге енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.

JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медициналық орталық ауруханаларының білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, аритмолог, гинеколог, пульмонолог, уролог, эндокринолог, гастроэнтеролог, аллерголог және басқа да мамандар аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік кластарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасайды.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

26 ақпан

Қарағанды қаласының №3 емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 11:30-15:30 - Гүльмира Туксаитова, м.ғ.к., эндокринолог дәрігері;

● 11:30-15:30 - Бахытжан Бимбетов, м.ғ.д., гастроэнтеролог дәрігері;

● 13:00-17:00 - Мадина Есенгельдинова, пульмонолог дәрігері;

● 13:00-17:00 - Ғалия Түсүпбекова, м.ғ.к., аллерголог дәрігері.

27 ақпан

Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 15:00 - 17:00 - Мыңжылқы Бердіқожаев - жоғары санатты нейрохирург;

● 14:00 - 16:00 - Марат Саршаев - жоғары санатты нейрохирург дәрігері.

Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 14:00 - 16:00 - Айдар Бегалин - жоғары санатты уролог дәрігері.

28 ақпан

Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 14:00-16:00 - Берік Кайкенов, ангиохирург дәрігері;

● 14:00-16:00 - Гульбарам Башарова, м.ғ.к., гинеколог дәрігері.

Сонымен қатар, Медициналық орталықтың басқа ведомствалық қарасты ұйымдары – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Қарлығаш» балабақшасы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қызметкерлері де өз бағыттары бойынша оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылы Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

Дәрігерлердің қабылдауы туралы ақпарат алу үшін медициналық мекемелердің тіркеу бөліміне хабарласу керек.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 93 54, + 7 778 732 2219