Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Қарағанды облысының медициналық мекемесіне барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы бастаған делегация Қарағанды облысындағы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Медициналық орталық ауруханаларының басшылары өз мекемелерінің стратегиялық бағыттары туралы баяндады. Еліміздің үздік ауруханалырының қызметі туралы жан-жақты айтып, облыс әріптестерімен медицина саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой аурухананың қызметімен толық танысып, медициналық мекеменің дәрігерлермен кездесті.

26 ақпаннан бері Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың жетекші мамандары халыққа практикалық, консультативтік және ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасауда. Облыс дәрігерлеріне және бизнес өкілдеріне шеберлік сағаттар мен тренингтер жүргізіліп жатқаннын атап өткен дұрыс.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясындағы іс-шара Қазақстанның өңірлеріне жаңа медициналық білім мен технологияларды енгізуге, халыққа медициналық көмек көрсетуге, ішкі медициналық туризмді дамытуға, сондай-ақ ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.