26-29 ақпан аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының жетекші мамандары өңір тұрғындарына практикалық және консультациялық көмек көрсетуде. Сапар барысында маман иелері Қарағанды облысында операциялар мен шеберлік сағаттарын өткізіп, әріптестерімен тәжірбие алмасуда.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша білікті дәрігерлердің қатысуымен 9 операция, 50-ден астам консультация, 300-ден астам тыңдаушыны қамтитын 9 шеберлік сағаты мен презентация ұйымдастырылды.
Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаев 3 операцияны сәтті өткізіп, 20-дан астам тыңдаушыға 6 консультация мен 1 презентация ұсынды.
Өз кезегінде жоғары санатты уролог дәрігері Бақтияр Қасымов, оториноларинголог маманы Арман Нағұманов, уролог Айгүл Әбдірахманова, жалпы хирургтар Талғат Уразов пен Антон Ли 6 операцияны сәтті аяқтады.
Сондай-ақ, ҚР ПІБ МО Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері АМСК тақырыбында 150-ден астам адамға иммундауды ұйымдастыру бойынша шеберлік сағатын өткізді.