





Қарағанды облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында Медициналық орталықтың мамандары медицина саласындағы жаңа әдістемелерді енгізе отырып, кәсіби деңгейде тегін консультациялар өткізді.
Үш күннің ішінде Медициналық орталықтың қызметкерлері 24 операция, 130-дан астам консультация, 1000-нан астам тыңдаушыны қамтитын 26 шеберлік сағаты мен презентация ұйымдастырды.
Аймақ дәрігерлері сарапшылармен белсенді сөйлесіп, сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты. Шеберлік сабақтарда білікті мамандар бұрын соңды өңірде қолданылмағанын әдістерін көрсетіп, жергілікті дәрігерлерге заманауи білім мен өз тәжірибелерін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.
Мұның бәрі Қазақстандағы медицинаның сапасын арттыруға және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға көмектеседі.