Басты бетҚарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды

Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды

Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері аяқталды

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында Медорталық Қарағанды облысындағы кезекті іс-сапарын аяқтады. 26-29 ақпан аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталықтың үздік мамандары (нейрохирург, аритмолог, гинеколог, пульмонолог, уролог және т.б.) облыс тұрғындарына 25 операция мен 130-дан астам консультация өткізді. Ал облыс дәрігерлеріне 26 презентация мен шеберлік сабақтарын ұсынды. Аталған іс-шаралар 1000-нан астам тыңдаушыны қамтыды.

Медициналық орталық ауруханаларының дәрігерлері облыс аймағында бұрын-соңды болмаған бірегей операцияларды сәтті аяқтады. Мамандарға жүгінген пациенттердің басым бөлігі күрделі диагнозы бар өңір тұрғындары болып табылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері АМСК тақырыбында облыс мамандары үшін презентациялар өткізді.

Ал «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері 5 балабақшаның қызметімен танысып, 40 педагогті қамтыған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Сондай-ақ, сапар аясында Медициналық орталық пен Қарағанды облысының әкімдігі арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндерінің» негізгі мақсаты - тәжірибе алмасу, әлемдік стандарттарға сай озық технологияларды трансферттеу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру.

Ағымдағы жылы Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.