Шашқа, денеге, бет терісіне арналған косметикалық заттардың, сондай-ақ тұрмыстық химияның 90% құрамында сульфат бар. Сульфаттар – күшті жуғыш, тазартқыш, көбік түзетін және майды ерітетін қасиеттері бар химиялық, агрессивті компоненттер тобы (арзанқол беттік-белсенді заттар).
Кір жуғыш ұнтақтарда, ыдыс жуғыштарда, гельдерде, сабындарда, тіс пасталарында, сусабындардың құрамында беттік-белсенді заттар кездеседі. Алайда, бұл компоненттер терінің қабыршақтануына, дерматитке және қайызғақтың пайда болып, шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Әсіресе беттік-белсенді заттар балалардың ағзасына зиян.
Осындай өнімді ұзақ уақыт қолданғанда заттар жасушаларда жиналып, эпидермистің қорғаныс тосқауылын қалыптастыру процесін бұзады. Сондықтан құрамында сульфаттары бар өнімдерді пайдаланбауға кеңес береміз.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында тұрмыстық химиядағы, косметикалық өнімдердегі беттік-белсенді заттардың болуына талдау жасауға болады.
Барлық сұрақтар бойынша Клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы Қожахмет Шунгульшинға хабарласа аласыз. Байланыс номері: 8 777 922 22 92