Басты бетBGI Genomics компаниясымен кездесу

BGI Genomics компаниясымен кездесу

BGI Genomics компаниясымен кездесу BGI Genomics компаниясымен кездесу BGI Genomics компаниясымен кездесу

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой BGI Group вице-президенті Нинг Ли мырзамен кездесті. Кездесу аясында Геномдық медицина институтын ҚР ПІБ Медорталық ауруханасы мен «Астана Медицина Университеті» базасында құру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Кездесуге ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры – Рустам Албаев, сондай-ақ BGI Genomics және Forebright Capital компанияларының өкілдері қатысты.

Медициналық орталықтың басшысы дербестендірілген медицина және геномдық зерттеулер институтын құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру, сондай-ақ гериатрия және қартаюға қарсы медицина саласындағы ғылыми және клиникалық тәжірибе алмасу Қазақстан аумағында медициналық-генетикалық көмекті жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бүгінгі таңда ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жоғары технологиялық зерттеулерді жүргізетін білікті мамандар жұмыс істейді, сондай-ақ медициналық генетика саласында тексеру мен кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізген әдістемелік база болып табылады.

BGI Genomics – негізі қаланғаннан бері қызметі геномика саласындағы ғылыми зерттеулерге негізделген коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды біріктіретін BGI Group халықаралық холдингіне айналды. Компания технологиялық серіктес және инвестор бола отырып, әлемнің 30-дан астам елінде 100-ден астам бірлескен зертханалар, медициналық орталықтар мен өндірістер ашты.