Басты бетАңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Павлодар облысындағы күндері

2024 жылғы 1-4 сәуір күндері Павлодар облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді. Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медициналық мекемелерге енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.

JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медициналық орталық ауруханаларының білікті мамандары, оның ішінде пульмонолог, эпилептолог, невропатолог, эндокринолог, аллерголог, кардиолог және басқа да мамандар аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасайды.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

1 сәуір

Павлодар қалалық №1 ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

●14:00-17:00 - Мыңжылқы Бердіходжаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.

Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

●15:00-17:00 - Бибінұр Рахметова, пульмонолог дәрігері.

Екібастұз қаласының № 2 емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

●09:00-11:00 - Бибінұр Рахметова, пульмонолог дәрігері.

2 сәуір

Павлодар қалалық №1 ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

●09:00-12:00 - Мыңжылқы Бердіходжаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.

Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-14:00 - Жасұлан Өтебеков, эпилептолог дәрігері;

● 09:00-14:00 - Дархан Кимадиев, эпилептолог дәрігері.

Екібастұз қаласының № 2 емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

●15:00-17:00 - Махмұт Мырзахметов, невропатолог дәрігері.

3 сәуір

Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-13:00 - Махмұт Мырзахметов, невропатолог дәрігері;

● 14:00-16:00 - Айгүл Сыздықова, аллерголог дәрігері.

Екібастұз қаласының № 2 емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 12:00-15: 00 - Гүлмира Туксаитова, м.ғ.к., эндокринолог дәрігері;

● 12:00-15:00 - Әлия Жолдасбекова, м.ғ.д., кардиолог дәрігері.

4 сәуір

Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 14:00-16:00 - Гүлмира Туксаитова, м.ғ. к., эндокринолог дәрігері.

Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 10:00-13:00 - Антон Ли, хирург дәрігері.

Сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Павлодар облысының әкімдігі арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылы Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

Қазақстан өңірлерінде өткізілетін бұл іс-шаралар ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен және облыстық әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Дәрігерлердің қабылдауы туралы ақпарат алу үшін медициналық мекемелердің тіркеу бөліміне хабарласу керек.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 93 54, + 7 778 732 2219