Бұған дейін ол Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызметтер Департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Орынкүл Қазиева 1977 жылы 29 желтоқсанда дүниеге келген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.
Әр жылдары Алматы және Астана қалаларының, сондай-ақ Алматы облысының салық органдарында жұмыс істеді.