1-4 сәуір аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының жетекші мамандары өңір тұрғындарына практикалық және консультациялық көмек көрсетуде. Сапар барысында маман иелері Павлодар облысында операциялар мен шеберлік сағаттарын өткізіп, әріптестерімен тәжірбие алмасуда.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша білікті дәрігерлердің қатысуымен 4 операция, 29 консультация, 250-ден астам тыңдаушыны қамтитын 10 шеберлік сағаты мен презентация ұйымдастырылды.