ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ортақ келісім нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлерін оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы - денсаулық сақтау саласындағы көшбасшы болып табылады. Біздің жемісті ынтымақтастығымыз инновациялық терапия мен үздік тәжірибелерге қол жеткізуге, өңірде медициналық көмекті жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Өз кезегінде, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы мұндай іс-шаралар жергілікті ауруханалар мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға көмектеседі, ал өңір азаматтары үшін қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу саласында түрлі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі қол қойылған Меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асыратын боламыз» - деп, Алексей Цой жоспарымен бөлісті.