Басты бетАңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері

Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері Аңдатпа! ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері

2024 жылғы 23-26 сәуір аралығында Түркістан облысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтеді. Бұл маңызды іс-шара денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуға және заманауи әдістерді енгізуге, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге арналған.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті мамандары облыс тұрғындары үшін нейрохирургия, пульмонология, эпилептология, кардиологияны қоса алғанда, түрлі медициналық бағыттар бойынша тегін практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Дәрігерлерді қабылдау кестесі төменде келтірілген:

23 сәуір

Түркістан қалалық емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-14:00 - Махмұт Мырзахметов, невролог дәрігері;

● 13:00-16:00 - Асхат Қабдешов, жоғары санатты ортопед-травматолог.

Облыстық клиникалық ауруханада (Шымкент қ.) пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-18:00 - Талғат Сәрсембаев, тамырлы хирург дәрігері;

● 16:00-19:00 - Мыңжылқы Бердіходжаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.

24 сәуір

Түркістан қалалық емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 10:00-12:00 - Меруерт Сәрсембаева, ревматолог дәрігері;

● 10:00-17:00 - Ерлан Денеев, кардиохирург дәрігері;

● 10:00-17:00 - Еран Енсебаев, м. ғ. д., уролог дәрігері;

● 14:00-17:00 - Назар Сейдалин, м. ғ. к., онколог дәрігері;

● 14:00-18:00 - Әлия Жолдасбекова, м. ғ. д., кардиолог дәрігері;

● 14:00-18:00 - Дәурен Тәшенов, аллерголог дәрігері.

25 сәуір

Түркістан қалалық емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

● 09:00-13:00 - Элеонора Старцева, пульмонолог дәрігері;

● 10:00-12:00 - Дилярам Разиева, жоғары санатты эндокринолог дәрігері;

● 10:00-17:00 - Гүлдана Жұмабаева, эпилептолог дәрігері.

26 сәуір

Түркістан облысының онкологиялық диспансерінде (Шымкент қ.) пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 14:00-16:00 - Назар Сейдалин, м.ғ. к., онколог дәрігері.

Облыстық клиникалық ауруханада (Шымкент қ.) пациенттерді келесі маман қабылдайды:

● 14:00-17:00 - Марат Саршаев, нейрохирург дәрігері.

Аталған іс-шара аясында Түркістан облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда, бұл өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бұл бастама ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қазақстандағы медициналық көмекті жетілдіру және денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Мұндай сапарлар озық тәжірибе мен технологияларды тарату мақсатында еліміздің басқа өңірлерінде де өткізілетін болады.

Қазақстан өңірлерінде өткізілетін іс-шараларды облыс әкімдіктері мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдастыратынын атап өту маңызды.

Бүгінгі таңда Медициналық орталық - Қазақстандағы беделді денсаулық сақтау бренді және озық технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып, сапа мен сервистің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін медициналық, оңалту және білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынатын азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған ірі холдинг.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы барлық ниет білдірушілерді сапалы медициналық көмек алуға және елдің жетекші мамандарымен кеңесуге шақырады.

БАҚ өкілдерінен қосымша ақпарат пен сұрау салулар мынадай байланыстар бойынша алынуы мүмкін: +7 7172 74 93 54, + 7 778 732 2219.

Дәрігерлерді қабылдау туралы ақпарат алу үшін медициналық мекемелердің тіркеушілеріне хабарласу керек.