








ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері Түркістан облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» іс-шарасының аясында екі күн ішінде нейрохирургия, кардиология, аллергология, урология, пульмонология, эндокринология және ортопедия саласында 200-ден астам тегін кеңес берді. Сондай-ақ, 13 күрделі операция, 400-ден астам тыңдаушының қатысуымен аймақ дәрігерлеріне арналған 28 презентация мен шеберлік сабақ өткізді.
Мұның бәрі Қазақстандағы медицинаның сапасын арттыруға және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі.