Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісім аймақ тұрғындарына дәрігерлердің кеңестерін, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, келісімнің арқасында өңірдің медициналық мекемелерінің қызметкерлерін инновациялық технологияларға оқыту, аурурдың алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Медициналық орталықтың бұл бастамасын қолдап, қол қойылған Меморандум кейіннен өңірдің медициналық саласын дамытуға айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой жүз жылға жуық уақыт ішінде - ҚР ПІБ Медициналық орталығы денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшы екеніне назар аударды.

«Біз санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулерді қоса алғанда, білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатырмыз. Соңғы 3 жылда Қазақстан тәжірибесіне 150-ден астам жаңа технология сәтті енгізілді. Біз өңір халқына практикалық медициналық көмек көрсетуді одан әрі кеңейтуді және арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Алексей Цой.