ҚР ПІБ Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Түркістан облысында үш күн бойы нейрохирургия, кардиология, аллергология, урология, пульмонология, эндокринология, ортопедия және басқа саласында тегін кеңес беріп, күрделі операциялар жасады. Сондай-ақ, іс-шаралар аясында жергілікті дәрігерлерге арналған бірнеше презентациялар мен шеберлік сабақтары өтті.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» - еліміздің медицина сапасын арттыруға, өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халық үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған іс-шара.
Үшінші күннің қорытындысы бойынша 18 операция, 259 консультация, 750-ден астам тыңдаушыны қамтитын 40 шеберлік сағаты мен презентация ұйымдастырылды.