Басты бетТүркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті

Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті

Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Түркістан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті

23-26 сәуір аралығында Түркістан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР ПІБ Медициналық орталығының үздік мамандары (нейрохирург, кардиолог, аллерголог, уролог, пульмонолог, эндокринолог, ортопед және т.б.) облыс тұрғындарына 28 операция мен 370-тен астам консультация өткізді. Сондай-ақ, Түркістан облысының дәрігерлеріне арнайы ұйымдастырылған 51 презентация мен шеберлік класқа 900-ден астам тыңдаушы қатысты.

Медициналық орталықтың дәрігерлері Түркістан облысында алғаш рет өткізіліп отырған сирек операцияларды сәтті жасады. Келген мамандардан консультация алуға сұраныс жоғары болды.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкерлері медициналық мекемелерде иммунопрофилактика және инфекциялардың алдын алу бойынша оқыту жүргізді. Іс-шараға денсаулық сақтау мен стационарлардың бастапқы буынының өкілдері, сондай-ақ госпитальдық эпидемиологтар қатысты.

«Оқжетпес» ЕСК АҚ Алматы филиалының өкілдері Түркістан облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерін «Оқжетпес» шипажайлар брендінің медициналық мүмкіндіктері мен оңалту бағдарламаларымен таныстырды.

Медициналық орталықтың көпжылдық тарихында еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің көшбасшысына айналғандығын атап айту керек. 6 мыңнан астам жоғары білікті маман жұмыс істейтін ұйымдарда халықаралық құзыреттілікті растайтын JCI, ISO, GPP, GMP, IIac-mra және EuroSpa стандарттары бар.

Сапар аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Түркістан облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндерінің» негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, әлемдік стандарттарға сай озық технологияларды трансферттеу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру. Алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлеріне шығу жоспарлануда.