Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығы

ҚР ПІБ МО ауруханасында бір жылдан бері Гастроэнтерология және гепатология орталығы жұмыс атқарады. Мұнда ас қорыту органдарының аурулары, соның ішінде бауыр мен өт жолдарының патологиясын диагностикалау, емдеу және алдын алу жолға қойылған.

Гастроэнтерология және гепатология орталығы асқазан-ішек ауруларымен қатар, бауыр мен өт жолдарының негізгі ауруларын емдеуге бағытталған. Соның ішінде, өңеш аурулары, хеликобактер инфекциясына байланысты сырқаттар: созылмалы гастрит, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы; созылмалы панкреатиттер, ұйқыбездің басқа да аурулары, өт қабының және Одди сфинктерінің дисфункциясы, ішектің қабыну аурулары, әртүрлі себептерден пайда болған созылмалы гепатиттер, бауыр фиброзы мен цирроздар, метаболизм бұзылыстарына байланысты бауырдың майлы аурулары, өт-тас сырқаты және өзге де гастроэнтерологиялық, гепатологиялық ауруларды емдейді.

Сонымен қатар семіздік, токсикалық, вирусты және аутоиммунды гепатиттер, метаболизм бұзылыстарының әсерінен пайда болған бауыр циррозы мен онкологиялық процестерге дейінгі бауыр аурулары да осы орталықта емделеді.

Былтыр орталық стационарында 832 науқас емделсе, биыл бірінші тоқсанның өзінде 376 науқас ем алған. Ал барлығы 5000-нан аса науқас орталықтың консультациясына жүгінген.