Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен GE Healthcare Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры-бас директордың орынбасары Дмитрий Занчевтің кездесуі өтті.
Сондай-ақ жиынға GE HealthCare атынан ТМД мемлекеттік органдарымен байланыс жөніндегі директор Алексей Борев және ТМД елдері бойынша коммерциялық басшы Ади Демесинов қатысты. Медициналық орталық тарапынан ҚР ПІБ МО басшысының орынбасарлары, ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев пен ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің директоры Асхат Бралов онлайн форматта қосылды.
Кездесу барысында тараптар екі жетекші ұйымның серіктестігін одан әрі дамыту және кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда сервистік қызмет көрсету, медициналық білім беру және цифрлық құрылымды жаңғырту сияқты тақырыптар көтерілді.
Қонақтарға Алексей Цой Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы технологияларды жетілдіруге қосқан үлесін атап, алғысын білдірді. Ол Астана мен Алматыда білім беру хабтарының ашылуына, тиімді баға ұсынысына, одан әрі жұмыс істеу тетіктеріне назар аударды.
Айта кету керек, GE HealthCare – озық медициналық жабдықтарды, диагностикаға арналған фармацевтикалық препараттарды, интеграцияланған цифрлық шешімдерді, қызметтерді және деректерді талдау жүйелерін әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі.
Өз кезегінде Дмитрий Занчев ұсынылатын өнімнің сапасына, ынтымақтастық шарттарына, өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен артықшылықтарына назар аударды.
- Медициналық орталықтар арасында барлық деңгейде нақты өзара іс-қимыл бар, біздің өнімдерімізге қызығушылықты көріп отырмыз. Сонымен қатар, біздің қызметіміздің сапасы күннен күнге жақсарып келеді. Жоспарлар мен іске асыру – қазақстандық мамандардың Стэнфордтағы зерттеулерге қатысуы, Стэнфорд мамандарының тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды әзірлеу үшін Қазақстанға сапары маңызды. Біздің компания үшін медициналық орталық жүйесі стратегиялық маңызды серіктес болып табылады, сондықтан біз бірлескен қызметті нығайтуға және кеңейтуге мүдделіміз, - деді Д. Занчев.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Стэнфорд қаласында (Калифорния, АҚШ) ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен GE HealthCare компаниясы арасында медицина саладағы озық технологияларды дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы