2024 жылғы 27-30 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтеді.
Бұл маңызды іс-шара денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуға және заманауи әдістерді енгізуге, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге арналған.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті мамандары облыс тұрғындары үшін нейрохирургия, онкология, эпилептология, кардиологияны қоса алғанда, түрлі медицДәрігерлердіиналық бағыттар бойынша тегін практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Дәрігерлерді қабылдау кестесі төменде келтірілген:
▪️27 мамыр
Қалалық көпсалалы ауруханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
09:00-13:00 – Дәурен Тәшенов, аллерголог дәрігері;
09:00-13:00 – Айгүл Тұрсынова, жоғары санатты гинеколог дәрігері;
09:00-18:00 – Ғазиз Қырғызбай, эпилептолог дәрігері;
16:00-18:00 – Мыңжылқы Бердіқожаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.
Облыстық көпсалалы ауруханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
09:00-12:00 – Әсем Ибраева, эндокринолог дәрігері;
14:00-17:00 – Меруерт Сәрсембаева, ревматолог дәрігері;
14:00-17:00 – Әсемгүл Байкенова, геронтолог дәрігері.
Облыстық онкологиялық диспансерінде пациенттерді келесі маман қабылдайды:
16:00-18:00 – Назар Сейдалин, м.ғ.к., бас онколог.
▪️28 мамыр
Облыстық кардиологиялық орталығында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
09:00-16:00 – Ринат Камиев, аритмолог дәрігері.
▪️29 мамыр
Облыстық кардиологиялық орталығында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
09:00-16:00 – Әлия Жолдасбекова, м.ғ.д., бас кардиолог;
09:00-16:00 – Гүлмира Туксаитова, м.ғ.к., бас эндокринолог;
09:00-18:00 – Ерлан Денеев, кардиохирург дәрігері.
Облыстық көпсалалы ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
14:00-17:00 – Асхат Қабдешов, жоғары санатты ортопед-травматолог.
Аталған іс-шара аясында Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда, бұл өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бұл бастама ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қазақстандағы медициналық көмекті жетілдіру және денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Мұндай сапарлар озық тәжірибе мен технологияларды тарату мақсатында еліміздің басқа өңірлерінде де өткізілетін болады.
Қазақстан өңірлерінде өткізілетін іс-шараларды облыс әкімдіктері мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдастыратынын атап өту маңызды.
Бүгінгі таңда Медициналық орталық – Қазақстандағы беделді денсаулық сақтау бренді және озық технологиялар мен инновацияларды қолдана отырып, сапа мен сервистің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін медициналық, оңалту және білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынатын азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған ірі холдинг.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы барлық ниет білдірушілерді сапалы медициналық көмек алуға және елдің жетекші мамандарымен кеңесуге шақырады.
БАҚ өкілдерінен қосымша ақпарат пен сұрау салулар мынадай байланыстар бойынша алынуы мүмкін: +7 7172 74 93 54, +7 705 808 3462.
Дәрігерлерді қабылдау туралы ақпарат алу үшін медициналық мекемелердің тіркеушілеріне хабарласу керек.