Басты бетБатыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәріг...

Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты

Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндеріне» басқа өңірлерден келген дәрігерлер де қатысты

Батыс Қазақстан облысындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндерінің» үшінші күні өңір тұрғындары үшін 6 бірегей операциямен есте қалды.

Акция аясында үш күн ішінде Батыс Қазақстан облысында медициналық көмектің сапасын жақсартуға және халық үшін жоғары технологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді.

Үш күн бойы Медициналық орталықтың үздік дәрігерлері мен мамандары таңертеңнен кешке дейін күрделі пациенттерге ота жасап, облыс тұрғындарына консультация өткізді, сондай-ақ жергілікті ауруханалар ұжымдары үшін презентациялар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Айта кету керек, презентацияларға қатысу үшін дәрігерлер тіпті басқа аймақтардан келген.

Үшінші күннің қорытындысы бойынша 6 операция, 76 консультация өткізілді, 120 қатысушыны қамтитын 6 презентация және мастер-класс ұйымдастырылды.

Консультациялар нейрохирургия, кардиология, аллергология, пульмонология, эндокринология, ортопедия, аритмология және т. б. салаларда жүргізілді.

«Біздің медициналық акциямыз Батыс Қазақстан облысында қарқынды және жемісті өтуде. Осы үш күнде әріптестермен бірге көптеген күрделі операция жасадық. Бір күнде мен 102 адамға консультация өткіздім. Науқастар тіпті облыстың шалғай аудандарынан келді, эвакопункттерден адамдар көп болды. Негізгі проблема - жүрек ритағының әртүрлі бұзылыстары, пациенттердің жасы 18-ден 84 жасқа дейін болды. Олардың барлығы риза болып кетті. Біз үшін пациенттердің жақсы әл-ауқаты мен ризашылығы - ең жоғары құндылық», - деп атап өтті аритмолог дәрігер Ринат Камиев.

Батыс Қазақстан облысында «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» бүгін, 30 мамыр күні аяқталады. Күні бойы делегация өкілдері соңғы операцияларды жүргізеді, презентациялар ұйымдастырып, дәрістер оқиды.