Басты бетНауқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық

Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық

Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық Науқастар: ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері мақтауға және алғысқа лайық

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Алексей Цой Қалалық көпсалалы аурухананы аралап, пациенттермен және өңірдің медициналық мекемелерінің ұжымымен әңгімелесті.

Сапардың негізгі мақсаты – өңірдің денсаулық сақтау саласында жаңа перспективалар мен мүмкіндіктерді дамыту.

Делегацияның сапары Қалалық көпсалалы ауруханаға барудан басталды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Медициналық орталықтың жетекші дәрігерлері ота жасаған пациенттермен әңгімелесті.

Осы медициналық ұйымның емделушілерінің айтуынша, жергілікті мамандардың қолдауымен Медициналық орталық жүйесінің дәрігерлері жүргізетін консультациялар, операциялар мақтауға тұрарлық. Барлық дәрігерлер халықаралық деңгейде дайындалған және айрықша кәсібилігімен ерекшеленеді.

«Мен алғаш рет 2023 жылдың қарашасында Қалалық көпсалалы ауруханаға түсіп, аневризманы жою үшін шұғыл операция жасалды. Енді, міне, дүйсенбі күні екінші жоспарлы ота жасалып, Мыңжылқы Бердіқожаев дәрігерлерімізбен бірлесіп стенттеу жұмыстарын жүргізді. Операция сәтті өтті, менің ағзам жеңіл қабылдады, сейсенбіде аяғыма тұрып, өзімді жақсы сезіндім. Дәрігерлердің жұмысы үшін үлкен алғыс айтамыз. Менің туысым Ресейде тұрады, медицина саласының ардагері, оған деректерді жіберген кезде ол қазақстандық дәрігерлердің кәсібилігіне қатты таң қалды», – деп Орал қаласының тұрғыны Елена Шалунова өз әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, аралау барысында А.Цой медициналық мекеменің жұмысы мен жабдықталуын бағалады, сондай-ақ аурухана ұжымымен кездесу өткізді.

Айта кетейік, Қалалық көпсалалы ауруханада 108 дәрігер жұмыс істейді, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар 330 науқасты қабылдай алады. Медициналық ұйым БҚО тұрғындарына келесі бейіндер бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету сияқты қызметтерге маманданған: политравма, жалпы хирургия, гинекология, нейрохирургия, жалпы терапия, нейроинсульттік және нейрохирургиялық бөлімшелер, перзентхана блогы, паллиативтік көмек және т.б.

Кездесуде Медициналық орталықтың өкілдері өңір қызметкерлері мен жұртшылығына өз қызметін таныстырды. Медициналық орталық ауруханасының және Ұлттық госпитальның басшылары медициналық мекемелердің стратегиялық бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 мамырдан бастап Батыс Қазақстан облысында «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтуде, оның аясында Медициналық орталықтың жетекші дәрігерлері жергілікті тұрғындарға практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде, шеберлік сағаттар мен күрделі жоғары технологиялық операциялар өткізуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыс ішкі медициналық туризмді дамытуға, еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологияларды енгізуге және жергілікті халыққа медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.