Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы американдық IQVIA компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Негізгі мақсат - IQVIA цифрлық шешімдерін таныстыру, өзара тиімді мәселелерді, ынтымақтастықты талқылау.
Кездесуге гибридті форматта ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мен Ұлттық госпиталінің ұжымы қатысты. Америкалық тараптан Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі IQVIA директоры Жібек Керімбаева және «денсаулық сақтауды дамыту» бағытының аға кеңесшісі Сослан Дзгоев қатысты.
Қонақтарды қарсы ала отырып, Алексей Цой ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметі туралы айтып берді. Ауруханалардың ғылыми-зерттеу бағытына егжей-тегжейлі тоқталды.
«Біздің ұйым қазір өзін зерттеу, білім беру орталығы ретінде көрсетеді. Ғылыми жұмыс, білім беру қызметі аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы - Қазақстандағы жоғары оқу орындарына теңестірілген жалғыз аурухана. Біз өз базамызда резиденттерді дайындаймыз, ғылыми қызметпен айналысамыз. Барлығы осы бағытты дамытуға бағытталған. Бұдан басқа, біз Қазақстанда, тіпті ТМД-да алғаш рет ұсынылатын жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар нарығына кіруді пысықтап жатырмыз», - деп атап өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы.
Өз кезегінде, Қазақстан мен ТМД елдеріндегі IQVIA директоры кездесу үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде IQVIA-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
«Біздің компания денсаулық сақтау ақпараты, сондай-ақ клиникалық зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшы. Біз жасанды интеллект технологияларын, қоғамдық денсаулық сақтау, осы саладағы мемлекеттік құрылымдар үшін шешімдерді ұсынамыз», - деді Ж. Керімбаева.
Таныстырылымнан кейін тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылап, байланыс нүктелеріне тоқталды.
Айта кетейік, IQVIA - фармацевтикалық және биофармацевтикалық салаларда және корпоративтік аутсорсингте қызмет көрсететін жетекші компаниялардың бірі. Жүзге жуық елдегі бөлімшелер желісін қамтиды. Бизнестің негізі - фармацевтикалық препараттарды дамыту мен коммерцияландыруға көмектесу.