Кәсіби мереке қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығында еңбегімен ерекшеленген мамандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Медициналық орталық жүйесінің ұжымын ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев пен ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой құттықтап, түрлі марапаттарды тапсырды.
Іс-шара Рустам Баялиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Ол қызметкерлердің орталықты ғана емес, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосып жүрген зор үлесін атап өтті. Р. Баялиев өз сөзінде жыл сайын Медорталық клиникаларында 29 мыңнан астам пациент емделетінін және 12 мың ота жасалатынын айтты. Шипажайларда 28 мыңнан астам адам оңалтудан өтетінін, ал Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында 800 мың зертханалық зерттеу жүргізілетінін жеткізді.
«Сіздер Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы құрылғаннан бастап осы саланың флагманы болып саналатын жүйеде жұмыс істейсіздер. Сіздер жай ғана бейіндік қызмет көрсетіп қана қоймай, өз тәжірибелеріңізді бүкіл елге және жақын шетелге тарататын инновациялық, озық алаңға айналдыңыздар. Сіздердің кәсібиліктеріңіз жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен біздің кәсіпорындарымызға медицина саласының көшбасшысы болуға мүмкіндік береді. Алда көптеген бастамалар мен жетістіктер тұрғаныныа сенімім мол! Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деді Р. Баялиев.
Іс басқарушының орынбасары медицина қызметкерлеріне лайықты марапаттар табыстады. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының акушер-гинекологиялық бөлімшесінің акушері Әсемгүл Жақанова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Аурухананың клиникалық-диагностикалық зертханасының аға дәрігері Жанар Ыбраева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Аллергология бөлімінің басшысы Ғалия Түсіпбековаға және учаскелік дәрігер Латипа Ахметжановаға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі тапсырылды. Сондай-ақ, аурухананың күндізгі станционар бөлімшесінің меңгерушісі Ақерке Смайылова, дәріхана меңгерушісі Гүлсім Жұманова, экстракорпоралдық гемокоррекция бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Оразбаев Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Президенті Іс басқарушысының «Құрмет грамотасына» ие болды. Тағы 7 қызметкер Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Президенті Іс басқарушысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Медициналық орталық жүйесінің 7 қызметкеріне Алексей Цой ведомстволық наградалар табыс етті. Ол қызметкерлерді құттықтап, барша ұжымға шынйы тілегі мен алғысын білдірді.
«Жыл бойы біздің қызметкерлер белсенді жұмыс істеді, бұл мереке олардың қажырлы еңбегінің тағы бір нәтижесі болып табылады. Біз азаматтардың денсаулығық сақтау жыл сайын кәсібилігін арттыратын сауатты мамандарға тікелей байланысты екенін білеміз. Құрметті медицина мамандары, сіздер еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуы өздеріңіздің еңбектеріңізге байланысты. Сіздерге қызметтеріңіз үшін мың алғыс»,- деп атап өтті Медициналық орталық басшысы.