Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау

Қысқа жолмен аортокоронарлық шунттау - кеуде қуысының сол жағындағы қабырғалар арасын кішкене тілу арқылы жасалатын хирургиялық процедура. Оны, әдетте, аз инвазивті аортокоронарлық шунттау деп атайды. Бұл стернотомия әдісімен кеуде қуысын кесуді қажет ететін дәстүрлі шунттаудан ерекшеленеді.

Қысқа жолдың артықшылығы:

- Тез қалпына келуге болады;

- Көкірек қуысының қаңқасына зақым келмегендіктен оңалу процесі жылдамырақ жүреді. Осы арқылы пациенттер қалыпты өмір мен еңбекке тез орала алады;

- Асқыну қаупі төмен;

- 5-8 см ғана болатын шағын тілік инфекция мен операциядан кейінгі басқа да асқынулардың қаупін төмендетеді;

- Косметикалық нәтижесі де жақсы;

- Кеуде қуысының сол жағындағы кішкене ғана тіліктен қалған тыртық та аса білінбейді.

Қорытар болсақ, шағын жолмен аортокоронарлық шунттау - дәстүрлі тәсілге қарағанда тиімді әрі жарақаты аз балама. Ол тамаша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, асқыну қаупін төмендетеді. ҚР ПІБ МО Ауруханасында мұндай операцияны жоғары санатты кардиохирургтар жасайды.

Дәрігер қабылдауына жазылу үшін Call-орталыққа хабарлассаңыз болады: +7 (7172) 70 80 90, +7 702 005 56 56.