Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа 18F-FLT (фтортимидин) радиофармпрепараты енгізілді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа 18F-FLT (фтортимидин) радиофармпрепараты енгізілді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа 18F-FLT (фтортимидин) радиофармпрепараты енгізілді ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа 18F-FLT (фтортимидин) радиофармпрепараты енгізілді ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа 18F-FLT (фтортимидин) радиофармпрепараты енгізілді ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында жаңа 18F-FLT (фтортимидин) радиофармпрепараты енгізілді

ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасының Ядролық медицина орталығында циклотронды өндірістің бесінші радиофармпрепаратын шығару жолға қойылып, ПЭТ/КТ зерттеу жүргізу іске қосылды. Қазақстанда бұл препарат алғаш рет синтезделгенін атап өткен жөн, оны жүзеге асыруға әзірлік жұмыстары 6 айға созылды.

Жасуша пролиферациясын көрсететін биомаркер саналатын препарат қатерлі ісік түрлерін, соның ішінде қан қатерлі ісігін (лимфома және лейкемия), сүт безі қатерлі ісігі, лимфома, бас пен мойын, өңеш және өкпе ісіктерін, сүйек пен жұмсақ тіндердің саркомаларын және басқаларын диагностикалауға қолданылады.

Фтортимидин (18F-FLT) құрамында ісік жасушасының ДНҚ-сына еніп, қатерлі ісік процесін, соның ішінде ауруды ерте сатысында қатесіз көретін ақуыз субстанция бар. Ол сондай-ақ, хирургиялық емнен кейін объективті баға беруге де қолданылады.

Жаңа препарат жасушаның бөлінуін бақылау арқылы мамандарға ісіктің белсенділігін бағалау үшін жасушалардың метаболикалық белсенділігі туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, ол осыған дейінгі радиофармацевтикалық препараттармен саралау қиынға соғатын ісіктерді бағалауға пайдасын тигізеді. Онкологияда 18F-FLT радиофармацевтикалық препаратымен жасалған ПЭТ/КТ зерттеулер емнің тиімділігін бағалауға, қайта асқынған дертті анықтауға қолданылады.