Полимеразды-тізбекті реакция (ПТР) – бұл молекулярлық биология саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі. Бұл әдіс ғылымның әртүрлі салаларында кең таралған. Өте жоғары сезімталдығы мен ерекшелігінің арқасында ПТР әдісі медицинада, биологияда, ветеринарияда, криминалистикада, санитариялық қызметте және да басқа да қызмет салаларында қолданылады.
ПТР талдауы үшін құрамында нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ молекуласы) бар кез келген биологиялық материалдарды пайдалануға болады.
ПТР әдісі ойлап табылғаннан кейін әртүрлі аурулардың көптеген қоздырғыштары (бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар) үшін өздерінің ерекше генетикалық детекторлары (праймерлер), яғни тек белгілі бір қоздырғышқа ғана тән нуклеотидтердің бірегей тізбегі жасалды.
Егер оларды зерттелетін материалы бар пробиркаға салсаңыз, онда ДНҚ немесе РНҚ «тірі» қоздырғыштары болса, праймерлер репликация реакциясын бастайды – яғни көзбен анықтауға болатындай көптеген көшірмелер жасайды. Яғни, олар ДНҚ/РНҚ-ның оннан артық көшірмесін жасай бастайды.
Зертхана қызметкерлері нәтижелерді санау кезінде зерттелетін үлгіден ізделетін бактериялар мен вирустардың бар-жоғын түсіне алады, сондықтан да ПТР нәтижелері сапалы, яғни ізделетін бактериялар мен вирустар «табылды» немесе «табылмады» деп нақты жауап алуға болады.
ПТР әдісінің пайда болғаны үшін біз кімге қарыздармыз?
Американдық биохимик Керри Мюллистің айтуы бойынша (Kary Mullis), 1983 жылы жұмыстан үйге қайтып келе жатқан жолда оған, тірі организмдерді олардың генетикалық кодының (ДНҚ) қысқа бөлігі арқылы анықтау идеясы келген. Бұл идеяның негізі басқа американдық биохимик Артур Корнбергтің (Артур Корнберг) жұмысы арқау болды, оның жұмысы өз уақытында ғылыми қоғамдастықта ешқандай пікір айтылмаған болатын.