Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпитальде медициналық туризм

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпитальде медициналық туризм

slide 1 of 6

Биыл 7 айда Ұлттық госпиталінде әлемнің 36 елінен келген 300 шетелдік медициналық турист ем қабылдады. Олардың 70-і стационар бөлімінде жатып емделді.

Шетелдік пациенттердің көпшілігі Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары. Сондай-ақ Норвегия, Аустралия, Бразилия және Венесуэла елдерінен келгендер бар.

Медициналық көмек алу үшін Ұлттық госпитальге Қазақстанның барлық өңірінің халқы ағылып келіп жатады. Жыл басынан бері 7 айда олардың жалпы саны 3 408-ге жетті.

Аурухана стационарында барлығы 7 228 адам емделді. Осы уақыт аралығында клиникада 2 645 операция жасалды. Кардиологиялық, терапевтік, соматикалық және нейрохирургиялық бөлімшелердің көмегіне сұраныс жоғары болғанын айта кетейік.